«Ақсу» клубының жартылай қорғаушысы Анатолий Красотин КПЛ 3-туры аясында Қарағандының «Шахтер» клубына қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы ойыншы «Қызыл-Жармен» өз алаңындағы матчта сары қағаз алып, ол биылғы маусымдағы төртінші болды. Осылайша, Красотин алдағы «Шахтерге» қарсы ойында павлодарлықтарға көмектесе алмайды.

Анатолий Красотин осы маусымда 13 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді.