Литвалық «Жальгирис» командасы қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жетекшілігімен Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық маман былтыр «Жальгирис» тізгінін ұстап, онымен бірге чемпиондық атақты жеңіп алған болатын. Осының арқасында команда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнау мүмкіндігіне ие болды.

Бірінші айналымда литвалықтар Косовоның «Балкан» командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті, қарымта ойын 12 шілдеге жоспарланған.