«Жетісу» футбол клубы шабуылшы Еркебұлан Амангелдімен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы ойыншы талдықорғандық команда сапында 19-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Еркебұлан Амангелді – Шымкент футбол мектебінің түлегі. Мансабын «Ордабасының» қосалқы командасында бастаған, содан кейін «Қыран» сапында доп тепті.

2018 жылдан бастап Амангелді «Оңтүстік Академияда» ойнады. Бірінші лиганың биылғы маусымында ол 10 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.