Шымкенттік «Ордабасының» 18 жастағы жартылай қорғаушысы Муроджон Халматов Қазақстан чемпионатының 16-турындағы ақтаулық «Каспийге» қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бірінші кезекте барлық жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын. Осындай қолдау үшін оларға үлкен рахмет, бүгінгі жеңісте, әрине, олардың еңбегі бар. Сондай-ақ біздің жаттықтырушылар мен футболшыларға алғысымды білдіремін, бұл біздің ортақ жұмысымыз және ортақ жеңісіміз. Бүгін қарсылас оңай болған жоқ, олар да бізге гол соғу мүмкіндігіне ие болды, бірақ біз ойынға арналған жоспарымызды ұстандық және матчты жеңе алдық», – деді футболшы.

Муроджон Халматов бұл матчта алаңға 71-минутта шығып, 80 және 87-минутта гол соққан болатын.