«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Александр Батищев Қазақстан чемпионатының 16-туры аясында өткен «Каспийге» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Өте ауыр ойын болды, күнтізбеге байланысты төрт күн бұрын біз алдыңғы матчты ойнадық. Әрине, физикалық тұрғыдан қиын болды, бірақ командаға браво, жаттықтырушылар штабына браво, бізді осы ойынға дұрыс дайындап, баптады. Біз қарқынға шыдай алдық, Құдайға шүкір жеңіске жеттік, бұл ең бастысы. Біздің жанкүйерлердің керемет қолдауын атап өтіп, алғыс айтқым келеді, сол үшін оларға үлкен рақмет!