IBF, WBA Super және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин рингтен кету туралы әлі ойламағанын айтты.

- Сіз 40 жастасыз. Қай уақытқа дейін жұдырықтасуды жалғастырасыз? Егер сіз жеңсеңіз ("Канеломен" үшінші жекпе-жекте - автор), GGG тоқтауы мүмкін бе?,- деп сұрады TMZ-ге тілшісі.

- Ешкім білмейді... Жоқ деген дұрыс шығар. Мен әлі дайын емеспін,- деп жауап берді Головкин.

Еске салсақ, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста GGG мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жек өткізеді. Головкин екінші орта салмаққа көтеріледі, ал "Канело" абсолютті әлем чемпионы атағын ортаға салады.

Алғашқы екі жекпе-жектің нәтижесі: 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Бір жылдан кейін мексикалық жеңіске жетті.