Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында бокстан «Елорда Кубогі» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Шаршы алаң шеберлері 10 салмақта кім мықтыны анықтайды. Бүгін жарыстың 2-күні жанкүйерлер 7 салмақтағы жекпе-жекті тамашалады.​

Бұл қатарда - Сәкен Бибосынов, Теміртас Жүсіпов, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай сынды Ұлттық құрама көшбасшысылары, әлем чемпиондары алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.​
Сондай-ақ жапон құрамасының ең танымал боксшысы - әлем чемпионы Севон Оказадзава отандасымыз Армат Арманұлымен болған тартысты кездесуде төрешілер шешімімен ұтты.​
Әйелдер арасында да жан алысып, жан беріскен айқастар көп болды. Бұл жерде Римма Волосенко, Мәдина Нұршаева, Марина Вольнова және Лаззат Күнгейбаева жеңімпаз атанды. Өкінішке қарай, тәжірибелі Надежда Рябец алғашқы айналымда қытайлық боксшыға есе жіберді.
Айта кетейік, «Елорда Кубогі» 4 шілдеге дейін жалғасады. Турнирді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Күн сайын эфир сағат 14:0]-де басталады.