Қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаев Prosports.kz сайтына берген эксклюзив сұхбатында «Мақтааралдан» кетуі, Қазақстан құрамасының нәтижелері және карьерасын аяқтау жоспары туралы айтты.

– Алмат, «Мақтааралдан» кетуіңізге не себеп болды?

- Клубтағы бюджетті оңтайландыруға байланысты кетуіме тура келді. Кейбіріне жалақыны қысқартуға ұсыныс жасалды, сондықтан мен, Рифат Нұрмұғамет және Ілияс Әмірсейітов клубтан кетуге шешім шығардық, бұл кеткендердің соңғысы емеспіз деп ойлаймын.

– Клубтағы жұмысты қалай бағалар едіңіз? Атакенттіктер басшылығына ренішіңіз бар ма?

- Жұмысымды қанағаттанарлық деп бағалаймын. Иә, мен бар болғаны 3 кездесу өткізіп, жоғары дәреже көрсете алмадым. Мысалы, «Астанаға» қарсы ойында шабуылда негізгі шетелдік ойыншыларсыз, ең әлсіз құраммен ойнадық. Сондай-ақ «Шахтерден» 5 гол жіберіп алуым – бұл оқыс оқиға. «Қайратқа» қарсы да солай: біз бүкіл ойын бойы қорғаныста болдық, тек кездесудің соңында олар есепті ұстай бастағанда тұрғанда шабуылға көштік.