«Қызыл-Жар» қазақстандық жартылай қорғаушы Еркін Тапаловпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін Тапалов - оралдық футболдың түлегі. Былтырғы маусымда «Ақжайық» ФК сапында ойнап, 25 матчта екі гол соққан.

2019 жылы Қазақстан құрамасы сапында Молдаваға қарсы жолдастық кездесуде дебютін өткізген. Ал осы маусымды «Тұран» құрамында бастады.