Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина әлемде эйс жасаудан көш бастап келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Елена 31 матчта 168 эйске қол жеткізді. Бұл – үздік көрсеткіш. Ресейлік Екатерина Александрова екінші орында. Ол 33 ойында 160 эйс жасап үлгерді. Грекиялық Мария Саккари (38 бәсеке, 151 эйс) үздік үштікті түйіндеп тұр.Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемде сегізінші орында тұр. Оның еншісінде 386 эйс (31 матч) бар.