Әлемнің 23-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда Рыбакина америкалық Коко Вандевегеден 7:6 (7:2), 7:5 есебімен басым түсті.

Келесі айналымда Рыбакина 2019 жылғы US Open чемпионы, канадалық Бьянка Андреескумен кездеседі.