Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Малагада (Испания) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық бірінші айналымда Жапония өкілі Кайчи Учидадан 4-6, 1-6 есебімен екі сетте ұтылды.

Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.