«Тұран» футбол клубының екі жас ойыншысы Қазақстан чемпионатында дебют жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бақдәулет Зұлфықаров пен Рахат Үсіпханов ел чемпионатының 15-туры аясындағы «Каспийге» қарсы матчта алаңда 9 минут өне көрсетті.

Рахат Үсіпханов 2001 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. Екінші лигада бақ сынайтын «Тұран-Жастар» командасының жартылай қорғаушысы.

Бақдәулет Зұлфиқаров 2001 жылы дүниеге келген. Биылғы маусымда «Тұран-Жастар» сапында 10 гол соғып, Екінші лига сұрмергендерінің тізімінде көш бастап тұр.