«Ақтөбе» шабуылшысы Жерар Гоуға сәуір айындағы үздік голдың авторы жүлдесі тапсырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерар Гоу Қазақстан чемпионатының бесінші турында «Ақсу» (2:1) қақпасына әдемі гол соқты.

ҚКФЛ жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша оның голы 728 дауыс жинады.

Футболшыға сыйлықты Премьер-лиганың 15-туры аясындағы «Ақтөбе» - «Астана» кезінде ҚКФЛ президенті Рохус Шох табыс етті.