Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов UFCдегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. UFC Vegas 57 бастапқы кардында ол бразилиялық Раулиан Пайвамен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу үш раундқа созылды. MMA Junkie сарапшыларының пікірінше, бірінші раундта бразилиялық мықты болды. Алайда қалған екі раундта Морозов басым түсті. Бұл төрешілер есебінде де осылай болды - үш арбитр де жеңісті 29:28 есебімен қазақстандыққа берді.

Осылайша, Сергей Морозов карьерасында 18-рет жеңді, одан бөлек бес жеңілісі бар. UFC-де екі рет жеңіп, екі мәрте жеңілген. Ал Пайваның рекордында 21 жеңіс пен 5 жеңіліс бар. Пайва бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген еді.

Фото mmajunkie.usatoday.com