UFC Vegas 57 турнирінің жеңіл салмақта алдын ала ойынында Қытайдан келген қазақ жекпе-жегі Сайран Нұрданбек пен америкалық Ти Джей Браун арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш раундтың қорытындысы бойынша үш төреші де 29:28 есебімен Нұрданбекке басымдықты берді.

Сайран Нұрданбек үшін бұл жеңіс кәсіпқой мансабындағы 10 жеңіліспен 37-ші жеңісі болды (UFC-дегі рекорды – екі жеңіс және бір жеңіліс). Браунның кәсіпқой рекорды қазір 16 жеңіс және 9 жеңіліс (соның ішінде UFC-де 2 жеңіс және 3 жеңіліс).