Қазақстан Чемпионатының 14 туры аясында өткен «Атырау» - «Ақтөбе» ойынының алдында мамыр айында ел чемпионатының үздік бапкері мен ойыншысы атанған номинанттарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚКФЛ-на сілтеме жасап.

Сауалнама қорытындысы бойынша үздіктер ҚПЛ командаларының бас бапкерлері мен команда капитандары арасында таңдалды.

Үздіктерді анықтау сауалнамасының қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко үздік деп танылса, Батыс-Қазақстандық клубтың тағы бір өкілі Андрия Филипович үздік ойыншы атанды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы атынан жүлделерді Атырау облысының футбол федерациясының вице-президенті Эдуард Габбасұлы Хисметуллин марапаттады.