УЕФА FedEx Performance Zone жүйесімен бірлесіп Еуропадағы ұлттық құрама ойыншыларының рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz

Ұлттар лигасы матчтары мен Еуропа чемпионатына іріктеу деректері арнайы әзірленген алгоритмге енгізілген.

Ұпайлар ойыншы қатысқан әрбір матчта беріледі, соның бәрі қосылып маусымда ең көп ұпай жинаған адам рейтингте үздік шығады.

Бірінші орында 454 ұпаймен француз шабуылшысы Килиан Мбаппе тұр. Үздік бестікте Карим Бензема (Франция), Мемфис Депай (Нидерланды), Харри Кейн (Англия) және Криштиану Роналду (Португалия) бар.

Рейтингтегі қазақстандық футболшылар арасында Нұралы Әліп ең жоғары көрсеткішке ие, 156 ұпай жинаған Әліп 53-орында тұр.

УЕФА нұсқасы бойынша ұлттық құрама футболшыларының рейтингісі:

1. Килиан Мбаппе (Франция) — 4542. Карим Бензема (Франция) — 3203. Мемфис Депай (Нидерланды) — 3074. Харри Кейн (Англия) — 2595. Криштиану Роналду (Португалия) — 2496. Эмиль Форсберг (Швеция) — 2417. Серджи Бускетс (Испания) — 2168. Игорь Армаш (Молдова) — 2089. Антуан Гризманн (Франция) — 20610.Кевин де Брюйне (Бельгия) — 200...

53. Нұралы Әліп (Қазақстан) — 156...80. Сергей Малый (Қазақстан) — 145...93. Игорь Шацкий (Қазақстан) — 141...110. Александр Марочкин (Қазақстан) — 133...141. Абат Аймбетов (Қазақстан) — 125...307. Аслан Дарабаев (Қазақстан) — 90...313. Исламбек Қуат (Қазақстан) — 89...452. Асхат Тағыберген (Қазақстан) — 71.