«Реал Мадрид» командаға жақында ғана ауысып келген қорғаушы Антонио Рюдигерді таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рюдигер испаниялық клуб сапында 22-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 29 жастағы Рюдигер «Реалға» еркін агент ретінде ауысып келді. Командамен бес жылдық келісімшартқа отырды.

Германиялық футболшы 2017 жылдан бері «Челсиде» доп тепті. Англияда Рюдигер Чемпиондар лигасын, Еуропа лигасын және УЕФА суперкубогын жеңіп алды.