«Қайраттан» кеткен Құрбан Бердыев ирандық «Трактор» клубының бас бапкері әрі техникалық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

69 жастағы маман 6 маусымда «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кеткен.

Бердыев алматылық команданы 2021 жылы жаздан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен «Қайрат» 32 кездесуде 14 рет жеңіске жетіп, сегіз рет тең түсті және 10 мәрте жеңіліске ұшырады. Клуб Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі мен Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Бұған дейін Бердыев ресейлік «Рубин», «Ростов» және басқа да командаларды жаттықтырған. «Рубинді» бастап екі рет Ресей чемпионатын, Ресей кубогын және екі рет Ресей Суперкубогына ие болған. Ал «Ростовта» РПЛ күміс жүлдегері атанды.