Бүгін Шучинскіде велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар Максим Гридчин, Сергей Лущенко, Антон Лаврентьев, Виктория Колесникова, Дильназ Рузукулова, Елизавета Достовалова 30 шақырым қашықтықты (2х15 шақырым) ең тез жүріп өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы (Егор Стрельников, Сергей Кармажаков, Дмитрий Васильев, Елена Мандракова, Милана Котельникова, Любовь Репп) күміс жүлдеге ие болды.

Үздік үштікті нұр-сұлтандық Александр Семенов, Владимир Колтунов, Ильхан Достиев, Махаббат Умутжанова, Полина Братчинкова, Инесса Шумекова түйіндеді.

Ертең жастар арасында 25 шақырымдық жұптық жарыс және 40 шақырымдық командалық жарыс өтеді.