«Астананың» шабандоздары Алексей Луценко, Дмитрий Груздев пен Евгений Федоров Шучинскіде Қазақстан чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі чемпион Федоров «Швейцария турының» бесінші кезеңі алдында ауырып қалып, әлі емделіп жатыр. Былтыр жекелей жарыста жеңіске жеткен Даниил Фоминых карьерасын аяқтады.

Демек, топтық жарыс пен жекелей жарыста елдің жаңа чемпионы болады.