Ресейлік UFC файтері Дамир Исмагулов (23-1) осы демалыста UFC-дегі бесінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Оның қарсыласы грузин спортшысы Гурам Кутателадзе (12-2) болады.

Жекпе-жек 19 маусым күні таңертең АҚШ-тың Остин қаласындағы UFC on ESPN 37 турнирінің негізгі карды аясында өтеді. Кездесу шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де басталады.

Исмагулов - Кутателадзе жекпе-жегінің тікелей трансляциясын UFC-дің ресми сайтында көре аласыздар.