Қазақстандық файтер Артем Резников (23-6) АСА 140 турнирінде UFC-дің бұрынғы спортшысы Дави Рамоспен (10-5) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жекпе-жек жоспарланған бес раундқа жалғасып, төрешілер жеңісті бір ауыздан қазақстандық спортшыға берді.

Айта кетейік, Артем Резников кейінгі жекпе-жегін екі жыл бұрын өткізіп, ресейлік Юсуф Раисовты жеңген еді.