Өзбекстан құрамасы 23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Азия кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Өзбекстан құрамасы жартылай финалда Жапонияны 2:0 есебімен жеңді.

Бұл ойында «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Жасур Жалолиддинов 60-минутта есеп ашты. Ал 89-минутта Хусаин Норчаев есепті еселеді.

Финалда Өзбекстан құрамасы Сауд Арабиясымен кездеседі, кездесу 19 маусым күні Ташкентте өтеді.