Шабуылшы Пауло Дибала Интермен 4 жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметтерге сенсек, ойыншы миландық клубта жылына 6 миллион еуро алады. Бонустарды қосқанда бұл сома 8 миллионға дейін артуы мүмкін.

28 жастағы шабуылшы қазір еркін агент. Маусым айының басында аргентиналық «Ювентустан» кетті.