«Жетісу» ФК директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ойыншылар мен бапкерлік штабқа команданың жаңа бас бапкерін таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас бапкер қызметін Алмас Құлшынбаев атқарады.

Клуб басшылығы жаңа бапкердің мақсаты талдықорғандық клубты Премьер-лигаға шығару екенін атап өтті.