Қостанайлық «Тобылдың» УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тобыл» ЧЛ бірінші кезеңінен өте алса, екінші кезеңде «Слован» (Словакия) — «Динамо» Батуми жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бірінші кезеңде «Тобыл» венгриялық «Ференцварошпен» кездеседі. Қостанайлықтар алғашқы ойынды 5/6 шілдеде өз алаңында өткізеді. Қарымта ойын 12/13 шілдеде Будапештте өтеді.

Фото fctobol.kz