Қазақстандық маман Григорий Бабаян Prosports.kz тілшісі берген эксклюзив сұхбатында ЦСКА-дан неге кеткенін түсіндірді.

- Григорий Константинович, ЦСКА-дан кетуіңіз туралы пікіріңізді айтыңызшы. Сізді мәскеулік клубтың бас бапкері қызметіне қарастырып жатыр деген ақпарат болып еді.

- ЦСКА-да қалмайтыным туралы шешімді маусымның соңында айтқан едім. Маған екі-үш апта ойлануды сұраған. Сондықтан мен үзіліс жасадым, олар қызық нәрсе ұсынар, мүмкін бас бапкер болғанымды қалар дедім, бірақ олар ештеңе демеді. Жаңа бапкерлер штабын таңдағаны белгілі болған соң, мен бапкердің көмекшісі болып қалғым келмегендіктен, клубтан кетуге бел будым.

Фото: ЦСКА