Бүгін Ньонда (Швейцария) УЕФА-ның штаб пәтерінде Конференциялар лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша «Астана» польшалық «Ракувпен» кездеседі. «Қайраттың» қарсыласы венгриялық «Кишварда» болады. Ал петропавлдық «Қызыл-Жар» хорватиялық «Осиекпен» күш сынасады.

Алғашқы матчтар 21 шілдеде, қарымта ойындар 28 шілдеде өтеді.

Фото: UEFA