Жартылай қорғаушы Поль Погба «Ювентусқа» ауысатын болды, деп жазады деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Марко Контейро хабарлады.

29 жастағы франциялық ойыншы туриндік клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қояды. Оның жалақысы бонустарды есептемегенде маусымына 8 миллион еуро болады. Жартылай қорғаушының трансфері шілде айында ресми түрде жарияланады.

1 маусымда «Манчестер Юнайтед» Погбаның тегін агент ретінде командадан кеткені жариялады. Өткен маусымда ол барлық турнирде 27 матчқа қатысып, 1 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 2016 жылы «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушыны «Ювентустан» 105 миллион еуроға сатып алған болатын.