«Бавария» «Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Манені өз құрамына қоса алатынына сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо жазады.

«Бавария» 30 жастағы сенегалдықтың трансферіне соңғы ұсыныс дайындады. Ол 35 миллион еуроны құрауы керек. Күтілгендей, «Ливерпуль» клубпен келісім-шартына бір жыл қалған ойыншыны осындай сомаға жіберуге дайын болады.

Өткен маусымда Мане ағылшындық клуб үшін барлық турнирлерде 50 матчта 23 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.