Нигерия Африка ұлттары кубогының іріктеуінде Сан-Томе және Принсипи қақпасына он гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Наполи» шабуылшысы Осимхен бұл ойында покер жасап, екі нәтижелі пас берді. Осылайша, Нигерия құрамасы тарихындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді.

Сан-Томе және Принсипи – Нигерия – 0:10 Осимхен 9’, 48’, 65’, 84’ Симон 28’ Моффи 43’, 60’ Этебо 55’ Лукман 63’ Деннис 90+2’ (п)