Қазақстан құрамасы волейболдан Накхон Патомда (Таиланд) өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында 5-орын үшін матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
5-8 орындар үшін өткен жартылай финалда қазақстандық волейболшылар Иранды 3:0 (25:23, 25:18, 25:21) есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы 5-орын үшін матчта Өзбекстан – Қытай Тайпейі кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Комментарии