12 маусымда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дохада (Катар) 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы баскетболдан Азия чемпионатындағы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойында қазақстандық баскетболшылар Жаңа Зеландиямен кездеседі. Бұл екі командадан бөлек, Оңтүстік Корея құрамасы да D тобында өнер көрсетеді.

Қазақстан – Жаңа Зеландия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 14:15-те басталады.