Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) пен аргентиналық Себастьян Орасио Папески (18-3, 6 КО) жұдырықтасты.

Орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ бесінші раундта Мейірім қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Нұрсұлтанов WBO International чемпионы атағын сәтті қорғады.