Ақтауда Adal Promotions промоутерлік компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында екінші жартылай жеңіл салмақта бақ сынайтын Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) өнер көрсетті. Ол мексикалық Томас Рохаспен (52-20-1, 34 КО) жұдырықтасты.

Кездесу толық 10 раундқа созылып, Сойлыбаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) пен аргентиналық Себастьян Орасио Папески (18-3, 6 КО) кездеседі.