Алматылық «Қайраттың» капитаны Яцек Гуральский өнер көрсететін Польша құрамасы Ұлттар лигасының бірінші турында өз алаңында Уэльс құрамасына қарсы ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен поляктардың пайдасына аяқталды.

Алматылық клубтың жартылай қорғаушысы алаңға негізгі құрамда шыққанымен, 60-минутта ауыстырылды.

Айта кетейік, Польша А лигасының 4 тобында Голландия мен Бельгия құрамалары да ойнайды.