Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Клуб Польді сәтті карьерасымен құттықтап, «Манчестер Юнайтедтің» дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтады. Біз оған ғажайып жолдың келесі кезеңдерінде сәттілік тілейміз», - делінген «МЮ» ресми сайтындағы хабарламада.

29 жастағы Погба манкуниандықтардың сапына 16 жасында қосылған. 2012 жылы «Ювентусқа» ауысып, 2016 жылы «Манчестер Юнайтедке» оралған болатын.

«Юнайтед» сапында 233 ойын өткізіп, 39 гол соғып, 51 нәтижелі пас берген. «МЮ» құрамында 2017 жылы Еуропа лигасы мен Англия лигасының кубогын жеңіп алған.