The Ring журналы орта салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңарған рейтингке қазақстандық Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы енді.

Бірінші орында WBA Super, IBF және IBO титулының иегері Головкин тұр. WBC чемпионы Джермалл Чарло мен WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде үздік үштікке енді. Уақытша WBO чемпионы Әлімханұлы бесінші орынға жайғасты.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы Топ-10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)2. Джермалл Чарло (АҚШ)3. Деметриус Андраде (АҚШ)4. Хайме Мунгия (Мексика)5. Жанибек Алимханулы (Қазақстан)6. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания)7. Риота Мурата (Жапония)8. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)9. Сергей Деревянченко (Украина)10. Эрисланди Лара (Куба).