Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға жауапты промоутер Эдди Хирн кездесу өтетін орынға қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Головкин мен Альварестің рингтегі соңғы екі кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен болатын. Хирннің айтуынша, 17 қыркүйектегі үшінші жекпе-жектің өткізілуіне басты кандидат – осы қала.

Сондай-ақ промоутер қарсыластардың әр қалада пресс-тур өткізетінін айтты. Еске салсақ, бірінші жекпе-жек алдында GGG мен Канело Лондон, Лос-Анджелес және Нью-Йоркке сапарлаған еді.

«Жуырда үшінші жекпе-жектің пресс-туры жарияланады. Менің ойымша, бұған басты үміткер қала – Лас-Вегас, бірақ бұл жекпе-жекке деген қызығушылық өте жоғары. Бізге Америкадан тыс жерлерден де ұсыныстар түсті. Шешімді келесі екі аптаның ішінде қабылдаймыз», - деді Хирн IFL TV-ге берген сұхбатында.