QazSport телеарнасы футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы аясында өткізетін Әзербайжанға қарсы матчын тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан құрамасы С лигасындағы үшінші топта Әзірбайжан, Словакия және Беларусь құрамасына қарсы ойнайды.

Магомед Адиев шәкірттері алғашқы ойынды 3 маусым күні Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізеді.

Ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.