Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев команда дайындығының негізгі міндеттеріне тоқталды.

«Ойынға үш тапсырма қойылды: кейбір ойын үлгілері мен ойыншылардың құрамын байқау, алдағы ойындарда қолданылатын жаңа ойын жүйесін көру және үш күнге созылған екі реттік жаттығудан соң футболшылардың физикалық жағдайын саралау болды.

Барлығын көріп, талдап шықтық деп ойлаймын. Енді Ұлттар лигасының ойындарына дайындаламыз. Жастар құрамасымен өткен жолдастық кездесуден жаттықтырушылар штабы мол мағлұмат алды деп санаймын», – деді Адиев.