Елордада веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай бұқаралық велошеру өтті. Оған қатысушылар екі қашықтықты бағындырды.

Алдымен велошеруге қатысушылар 20 шақырымдық үлкен қашықтықтықтан бастады. Үлкен қашықтықтың басы елорда маңындағы Қосшы елді мекеніндегі айналма веложолдан басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті.

Ал 3 шақырымды бағындыруға келген қала тұрғындары үлкен қашықтықты жүріп өткен қатысушыларды мәреден күтіп алды.

Әрмен қарай кіші қашықтықтың қатысушылары Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында бастап, сол жерден мәрені аяқтады.