Қазақстан спринт құрамасы Азия чемпионатына дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыста Großer Preis von Deutschland im Sprint – 12. GP Кейрин Андрей Чугай уақыт бойынша 10-шы болып мәреге жетті.

Сергей Пономарев мәреге 17-ші, Александр Сафаров пен Дмитрий Резанов 23-орын, Чугай 30-шы орындарды бөлісті.

Спринтте Чугай 20-шы, Резанов 26-шы, Пономарев 29-шы және Сафаров 34-ші болып мәреге жетті.

Жасөспірімдер арасында Кирилл Курдиди спринтте 8-ші, кейриннен 11-ші болды.