Беларусиялық UFC-дің бұрынғы чемпионы Андрей Орловский аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Орловский Instagram парақшасында қазақстандықпен бірге суретті жариялап айтты.

«Опа! Мен бұл адамды теледидардан ғана көргем, ал бұл жолы тіпті суретке түсе алдым», — деп жазды файтер сипаттамада. Спортшылар АҚШ-та өткен шаралардың бірінде кездескен көрінеді.

Еске салайық, Головкиннің кейінгі жекпе-жегі 9 сәуірде Жапонияда өтіп, ол жергілікті боксшы Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын.