Ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол мексикалық Сауль Альваресті жеңгеннен кейін алғашқы құттықтауды кімнен алғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Матч ТВ» сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық 8 мамырда Бивол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен «Канелоны» жеңген болатын. 17 қыркүйекте мексикалық Головкинмен үшінші жекпе-жегін өткізеді.

– Сіз үшін ең күтпеген құттықтау қандай болды?

— Барлық құттықтаулар жағымды болды. Мені менеджер арқылы алғашқылардың бірі болып Геннадий Головкин құттықтады. Баста қоңырау шалды. Жұлдыздар да құттықтады, бірақ біреу ерекше таңғалдырды деп айта алмаймын.