Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Виченцада (Италия) өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда отандасымыз аргентиналық Франсиско Комесанаға үш сетте есе жіберді.

2 сағат 9 минутқа созылған тартысты кездесу 6:2, 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.