Попко Италиядағы турнирдің бірінші айналымында жеңілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Дмитрий Попко Виченцада (Италия) өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы айналымда отандасымыз аргентиналық Франсиско Комесанаға үш сетте есе жіберді.
2 сағат 9 минутқа созылған тартысты кездесу 6:2, 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.