ҚКФЛ ауарайының қолайсыздығына байланысты «Тұран» - «Ақтөбе» матчы өтетін мерзім өзгергенін хабарлады.

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты - шаңды боран және дауылды жел, ойынның бас төрешісі Қазақстан кәсіпқой лигасының Әкімшілігімен бірлесіп, XII турдың «Тұран» - «Ақтөбе» кездесуін басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Ойын өтетін уақыт кейін анықталады, - деп жазды ҚКФЛ.